KZ
1 шілде 2025, 06:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.05.2025 11:43 #Корпоративтік уақиғалар

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 21.05.25/ – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі (KASE – AGKK тикері) және аудиторлық есеп жарияланды.

"КПМГ Аудит" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен оның еншілес компаниясының шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды аспектілерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес сенімді түрде көрсетеді..

2024 жылғы 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

----------------------------------------------------------------
                                          31.12.24     31.12.23 
Көрсеткіш                                     ж.б.          ж.б.
------------------------------------ ------------- -------------
Жарғылық капитал                       428 284 724   428 284 724
Меншікті капитал (капитал тапшылығы)   490 514 136   450 848 542
Жиынтық активтер                     1 991 240 427 1 412 101 316
Жиынтық міндеттемелер                1 500 726 291   961 252 774
Кіріс                                  279 163 079   217 032 112
Жалпы пайда (жалпы шығын)              135 149 345   104 812 453
Таза пайда (таза шығын)                 60 356 606    29 555 142
Жай акцияның баланстық құны, теңге        1 146,73      1 053,66
ROA, %                                        3,03          2,09
ROE, %                                       12,30          6,56
ROS, %                                       21,62         13,62
----------------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – толығырақ

[2025-05-21]