KZ
19 мамыр 2025, 21:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.05.2025 11:47 #Индекстер мен индикаторлар

19 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010960 (MFMCb1) облигацияларынның айналым мерзімі аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 19.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 19 мамырынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "MyCar Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00010960 (MFMCb1) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тасталғанын хабарлайды (19 мамыр – өтеу кезінде тіркеу күні).

2025 жылдың 19 мамырынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 62 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-19]