Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жалғыз акционері қоғамның жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 16.05.24/ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – TMJL) жалғыз акционердің 2025 жылдың 02 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 157 817 358 632 теңге мөлшеріндегі таза табыс қоғамның иелігінде қалдырылсын, 2024 жылға бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілмесін, дивидендтер төленбесін.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-05-16]