Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) жалғыз акционері жай акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 16.05.25/ – "Kazakhmys Copper" АҚ (Қазақмыс Коппер) (KASE тикері – KMCP) жалғыз акционердің 2025 жылдың 13 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған) бекітілсін;
- 2024 жылдағы таза пайданың болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-05-16]