KZ
1 маусым 2025, 03:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.05.2025 18:44 #Қаржы құралдары

15 мамырдан бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00014012 (MFRFb17) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 15.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2025 жылдың 13 мамырында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00014012 (MFRFb17; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 19,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2025 жылдың 15 мамырынан бастап күшіне енді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-15]