14 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигацияларының бес шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 15.05.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 14 мамырында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00013902 (BTRKb22; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады;30/360);
2) KZ2C00013928 (BTRKb23; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);
3) KZ2C00013936 (BTRKb24; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360);
4) KZ2C00014033 (BTRKb25; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; actual/365);
5) KZ2C00014041 (BTRKb26; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады; actual/365).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 14 мамырынан бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-05-15]