Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ KZ2P00011257 (MFKMb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылады.
/KASE, 14.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 мамырынан бастап "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2P00011257 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFKMb5; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 14.05.25-14.05.26; жылдық купон, жылдық 19,50%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-05-14]