KZ
14 мамыр 2025, 21:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2025 17:13 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00014025 (AGKKpp10) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 14.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 14 мамырында"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Астана) KZ2C00014025 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual / 365) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға AGKKpp10 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-05-14]