"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигациялары негізгі алаңның" облигациялар " санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 14.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2025 жылдың 14 мамырында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) келесі облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00013902 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – BTRKb22;
2) KZ2C00013928 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – BTRKb23;
3) KZ2C00013936 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 5 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360), сауда-саттық коды – BTRKb24;
4) KZ2C00014033 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365), сауда- саттық коды – BTRKb25;
5) KZ2C00014041 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365), сауда- саттық коды – BTRKb26.
Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде екінші – алтыншы болып табылады.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшілері мен андеррайтерлері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.
[2025-05-14]