KZ
3 шілде 2025, 13:33
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2025 15:09 #Қаржы құралдары

15 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 (FLGB_KZ) ETF бағалы қағаздарымен және The Walt Disney Company US2546871060 (DIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтар тоқтатыла тұрады

/KASE, 14.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 15 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жасалатын репо операциялары бойынша келесі бағалы қағаздармен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) US35473P6786 (сектор "KASE Global", FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF, есеп айырысу күні 2025 жылдың 20 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылдың 23 маусымынан бастап қайта басталады;

2) US2546871060 (сектор "KASE Global", DIS_KZ) The Walt Disney Company, есеп айырысу күні 2025 жылдың 24 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық 2025 жылдың 26 маусымынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2025-05-14]