"RG Brands" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 30 мамырда өткізу туралы хабарлама
/KASE, 13.05.25/ – "RG Brands" (KASE тикері – RGBR) 2025 жылдың 30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) 2024 жылдың 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін және "Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен расталған қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2) 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін және "Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен расталған қоғамның жеке қаржылық есептілігін бекіту туралы;
3) қоғамның 2024 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
4) акционерлердің қоғамның, оның лауазымды адамдарының іс- әрекеттеріне шағымдарын қарау және оларды 2024 жылы қарау қорытындылары туралы;
5) қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2025 жылға сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;
6) қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының 2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы акционерлерді хабардар ету туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2025-05-13]