KZ
22 маусым 2025, 00:28
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2025 17:43 #Сауда-саттық ақпараты

08 мамыр күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің бесжылдық KZ2C00013878 (BTRKb21) облигацияларын жылдық 16,90 %-бен орналастыра отырып, 50,0 млрд теңге тартты

/KASE, 08.05.25/ –Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Алматы) KZ2C00013878 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb21; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 08.05.25 – 08.05.30; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраныс параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

---------------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                      
-------------------------------------------------------- ------------------
Қатысушылар саны:                                        7                 
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),            13 / 10           
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                            13 / 10           
– нарықтық:                                              0 / 0             
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:                   50 320,0          
– шетелімді:                                             50 320,0          
– нарықтық:                                              0,0               
Ұсынымға сұраным:                                        100,6 %           
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық % (барлық/ белсенді):
– минималды                                              16,8900           
– максималды                                             16,9000           
– орташа сараланған                                      16,9000           
---------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте               
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,                        
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.                          

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 19,9 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 3,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 75,5 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 1,6 % тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         50 000 000      
облигациялар:                                                   
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:     50 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              10              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 7               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            100,0           
жоспардан %:                                                    
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон          16,9000         
мөлшерлемесі, жылдық %                                          
----------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ----------------------------------
Сауда-саттық күні:                        08.05.25                                                  
Орналастырудың жарияланған көлемі,        50 000 000 000                                            
теңге:                                                                                              
Лот мөлшері, дана.:                       1                                                         
Сауда-саттық заты:                        купон мөлшерлемесі                                        
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                                                
Өтініш беру тәсілі:                       жабық                                                     
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                                               
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:30                                               
Кесу уақыты:                              13:00 (Т+0)                                               
Төлем күні мен уақыты:                    08.05.25, 13:00                                           
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесімдеу бағасына тең                            
                                          немесе одан жоғары өтінімдер                              
                                          кесіледі                                                  
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша                          
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                                                  
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау                            
қарай қанағаттандыру тәсілі:              уақыты бойынша                                            
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "Қазақстан Халық банкінің еншілес 
                                          ұйымы "Halyk Finance" АҚ
---------------------------------------------------------------------------

[2025-05-08]