KZ
9 мамыр 2025, 16:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2025 16:05 #Қаржы құралдары

"Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС облигацияларының алты шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 08.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 08 мамырында "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00013154 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFMOb23;

2) KZ2P00013212 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFMOb24;

3) KZ2P00013220 (1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFMOb25;

4) KZ2P00013204 ($100, $5,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFMOb26;

5) KZ2P00013345 ($100, $5,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFMOb27;

6) KZ2P00013352 ($100, $5,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 12,00 %; 30/360), сауда-саттық коды – MFMOb28.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

KZ2P00013154, KZ2P00013212 және KZ2P00013220 облигацияларының шығарылымдары 2025 жылдың 16 қаңтарында тіркелген "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан) "ЖШС-нің 50,0 млрд теңге сомасына үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші, екінші және үшінші болып табылады.

KZ2P00013204, KZ2P00013345 және KZ2P00013352 облигацияларының шығарылымдары 2025 жылдың 22 қаңтарында 100,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" ЖШС-нің төртінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші, екінші және үшінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-05-08]