KZ
9 мамыр 2025, 17:16
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2025 09:45 #Корпоративтік уақиғалар

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын халықаралық және жергілікті нарықтарда АҚШ долларымен сәтті орналастырды

/KASE, 08.05.25/ – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) KASE-ге былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2025 жылғы 29 сәуір, сейсенбі күні Бәйтерек холдингі 500 млн АҚШ доллары сомасына және 3 жыл мерзімге, 5,45% купондық мөлшерлемесімен еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын сәтті орналастырды.

Нарықтағы бұрын-соңды болмаған құбылмалылыққа қарамастан, Холдинг нарықтық жағдайдың жақсаруын орайлы пайдаланды. Жаңа шығарылым 24 сәуір, бейсенбі күні жарияланып, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азия инвесторлары арасында ауқымды маркетингтік науқан басталды. Екі күн ішінде 30-дан астам инвестор Холдингпен кездесті. Бәйтерек өткен жылдың соңы мен осы жылдың басында Ұлыбритания мен АҚШ-та өткізген алдын ала маркетингтік кездесулердің арқасында көптеген инвесторлар холдингпен таныс болды.

Инвесторлардан оң пікірлер алғаннан кейін, өтінімдер кітабы сейсенбі, 29 сәуірде ашылып, бастапқы кірісі 6% болды. 1 млрд АҚШ долларынан асқан үлкен сұраныстан мәміленің кірістілігі индикатордың төменгі шекарасы бойынша 5,65% деңгейінде белгіленді.

Аймақтар бойынша көптеген инвесторлар арасында аллокация былайша бөлінді: 56,1% АҚШ, 18,2% Еуропа, 11,1% Ұлыбритания, 8% Қазақстан және 6,6% Таяу Шығыс пен Азия..

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған – толығырақ

[2025-05-08]