KZ
14 желтоқсан 2025, 07:14
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.05.2025 15:58 #Корпоративтік уақиғалар

BI Development Ltd. жеке компаниясының акционерлері компанияның 2024 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 06.05.25/ – BI Development Ltd. жеке компаниясы (KASE тикері – BIGD) 2025 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2024 жылдағы 76 031 037 000 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
  • 51 182 552 152 теңге әрі қарай дамыту үшін компанияның иелігінде қалдырылсын;
  • бұрын жарияланған 4 646 464 646 теңгеге (2024 жылғы тоғыз айдың алдын ала қорытындысы бойынша) қосымша 20 202 020 202 теңге компанияның акционерлеріне дивидендтер төлеуге жіберілсін.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-05-06]