Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 мамырда "Dosjan temir joly" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
/KASE, 06.05.25/ – "Dosjan temir joly" АҚ (KASE тикері – DTJL) 2025 жылдың 30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
2) қоғамның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-05-06]