KZ
29 маусым 2025, 10:32
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.05.2025 14:21 #Қаржы құралдары

08 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Apple Inc.US0378331005 (AAPL_KZ) акцияларының сауда-саттығы тоқтатылды

/KASE, 06.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 мамырынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 12 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 12 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2024 жылдың 14 мамырынан бастап қайта басталады.

[2025-05-06]