KZ
29 маусым 2025, 11:14
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.05.2025 16:52 #Қаржы құралдары

06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында US6541061031 (NKE_KZ) Nike, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 05.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 06 мамырынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын, есеп айырысу күні 2025 жылдың 02 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, NIKE, Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен репо операциялары бойынша KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 02 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 04 маусымынан бастап қайта басталады.

[2025-05-05]