KZ
6 маусым 2025, 14:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.05.2025 18:02 #Корпоративтік уақиғалар

"KEGOC" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды

/KASE, 02.05.25/ – "KEGOC" АҚ (KASE тикері - KEGC) 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды.

"RSM Qazaqstan" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "KEGOC" АҚ мен оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда сенімді көрсетеді

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мын теңгемен):

------------------------------------------------------------------------
                                                  31.12.24     31.12.23 
Көрсеткіш                                             ж.б.          ж.б.
-------------------------------------------- ------------- -------------
Жарғылық капитал                               148 921 827   148 921 827
Меншікті капитал (капиталдың жетіспеушілігі)   769 921 817   685 719 134
Жиынтық активтер                             1 097 066 105 1 001 785 007
Жиынтық міндеттемелер                          327 144 288   316 065 873
Сату көлемі                                    319 905 932   252 136 383
Жалпы табыс                                     91 652 031    70 732 779
Таза пайда (таза шығын)                         59 497 047    43 396 389
Жай акцияның баланстық құны, теңге                   2 780         2 479
ROA, %                                                5,42          4,33
ROE, %                                                7,73          6,33
ROS, %                                               18,60         17,21
------------------------------------------------------------------------

Есеп KASE интернет-ресурсында жарияланды толығырақ

[2025-05-02]