2025 ЖЫЛДЫҢ 06 МАМЫРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ
/KASE, 02.05.25/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2025 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.
Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.
------------------------------------------------------------------------------ 2025 жылдың 06 мамырынан бастап 2025 жылдың 06 мамырына дейін орналастыры- free шектеулі орналастыры- free шектеулі Акциялар лған акциялар float коэф- лған акциялар float коэф- коды саны (Fi),% фициент(Ri) саны (Fi),% фициент(Ri) ------------------------------------------------------------------------------ AIRA 356 106 025 42.0 1.0000000 351 901 563 41.3 1.0000000 CCBN 177 262 461 36.7 1.0000000 188 029 035 40.4 1.0000000 HSBK 10 869 569 492 30.2 0.2735102 10 885 188 172 30.3 0.3013740 KCEL 200 000 000 34.1 1.0000000 200 000 000 34.1 1.0000000 KEGC 275 292 728 14.5 1.0000000 275 291 564 15.0 1.0000000 KMGZ 610 119 493 2.6 1.0000000 610 119 493 2.9 1.0000000 KSPI 190 784 522 31.7 0.0926374 190 015 729 31.3 0.0833000 KZAP 259 356 608 25.0 0.2264991 259 356 608 25.0 0.1999826 KZTK 10 706 024 19.2 1.0000000 9 722 235 11.0 1.0000000 KZTO 384 628 099 10.0 1.0000000 384 627 701 10.0 1.0000000 ------------------------------------------------------------------------------ КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ
KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.
Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.
Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.
Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: AIRA - "Эйр Астана" АҚ; CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ "Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ "Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл".
Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.
Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.
Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.
[2025-05-02]