"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады
/KASE, 30.04.25/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) KASE-ге былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) Банктің Директорлар кеңесі Александр Сергеевич Павловтың 2025 жылғы 1 мамырдан бастап Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарламасын қарағанын хабарлайды.
Александр Сергеевич өзінің жұмысы барысында Банктің дамуына зор үлес қосқан ірі тұлға, оның жетекшілік етуімен маңызды стратегиялық мақсаттарға қол жеткізілді, корпоративтік басқару мен орнықты дамудың үздік халықаралық стандарттары енгізілді, Директорлар кеңесінің, Ішкі аудит қызметінің және Корпоративтік хатшының тиімді жұмысы қамтамасыз етілді.
2025 жылғы 30 сәуірде Директорлар кеңесінің жүзбе-жүз отырысында тәуелсіз директор Арман Ғалиасқарұлы Дунаев 1 (бір) жыл өкілеттік мерзіммен Банктің Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды, бұл өкілетті мерзім 2025 жылғы 1 мамырдан басталып, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін сәтте аяқталады, сол жиналыста Банктің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланады.
Арман Ғалиасқарұлының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы сияқты жауапты мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар. Қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда басшылық позицияларда жұмыс істеді. А.Ғ. Дунаев қазіргі уақытта Банктің бірқатар еншілес ұйымдарында Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Осылайша, бүгінгі таңда Банктің Директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
Арман Галиаскарович Дунаев – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
Жаксыбек Абдрахметович Кулекеев – тәуелсіз директор;
Франк Кайларс – тәуелсіз директор;
Жомарт Досанкулович Нурабаев – "Холдинговая группа "АЛМЭКС" АҚ өкіл;
Петр Романовски – тәуелсіз директор;
Герман Тишендорф – тәуелсіз директор;
Умут Болатхановна Шаяхметова– Басқарма Төрағасы.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-04-30]