KZ
30 сәуір 2025, 22:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2025 17:16 #Корпоративтік уақиғалар

"Банк"Bank RBK" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 30 мамырында өткізу туралы хабарлама

/KASE, 30.04.25/ – "Банк"Bank RBK" АҚ (KASE тикері – INBN) 2025 жылдың 30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) банктің 2024 жылға жылдық қаржылық есептілігін және ұйымның 2024 жылға аудиторлық есебін бекіту туралы;

3) банктің 2024 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін анықтау, 2024 жылдың қорытындылары бойынша банктің акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау туралы;

4) банк акционерлерін Банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне сыйақының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету туралы;

5) банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің 2024 жылдағы шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;

6) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау, сондай-ақ банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;

7) банктің Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалауды қарау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2025-04-30]