KZ
14 желтоқсан 2025, 07:12
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2025 14:40 #Корпоративтік уақиғалар

"KEGOC" АҚ акционерлері компанияның 2024 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 30.04.25/ – "KEGOC" АҚ (KASE тикері – KEGC) 2025 жылдың 28 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2024 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2024 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
  • 22 298 710 968,00 теңге 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бұрын төленген дивидендтерді ескере отырып дивидендтер төлеуге бағытталсын;
  • 14 514 215 244,80 теңге мөлшерінде қалған сома компанияның қарамағында дамуға қалдырылсын;
  • 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы дивиденд мөлшері – компанияның бір жай акциясына 81,00 теңге бекітілсін.

Осы ақпраат орналастырылды – толығырақ

[2025-04-30]