"Лизинг Групп" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 30 мамырда өткізу туралы хабарлама
/KASE, 30.04.25/ – "Лизинг Групп" АҚ (KASE тикері – LZGR) 2025 жылдың 30 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
2) 2024 жылға жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
3) қоғамның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін анықтау;
4) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;
5) қоғамның акционерлерін қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету;
6) Директорлар кеңесінің 2024 жылы атқарылған жұмыс туралы есебімен танысу;
7) қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2025-04-30]