KZ
9 мамыр 2025, 22:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2025 09:20 #Қаржы құралдары

АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGX39 (US_98_2504) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 30.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 30 сәуірінен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CGX39 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_98_2504; $46 084,0 млн; 30.04.23 – 30.04.25; жартыжылдық купон, жылдық 3,875%, actual/actual) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуы байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына 2023 жылдың 29 қарашасынан бастап енгізілді. Олармен сауда- саттық 2024 жылдың 28 мамырынан бастап ашылды.

[2025-04-30]