KZ
29 сәуір 2025, 17:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.04.2025 14:33 #Қаржы құралдары

13 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "RG Brands Kazakhstan" ЖШС KZ2P00009970 (RGBKb2) облигацияларының сауда-саттығы тоқтатыла тұрады.

/KASE, 28.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 13 мамырынан бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы) KZ2P00009970 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, RGBKb2) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатыла туратынын хабарлайды.

Тоқтата тұру 2025 жылдың 13 мамырында көрсетілген облигациялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралатын аталған облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге байланысты.

[2025-04-28]