KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫРЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ
/KASE, 28.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2025 жылдың мамырындағы өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 23 сәуіріндегі шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.
2025 жылдың 01-31 мамыры аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 70 атаудағы бағалы қағаздар кіреді. 2025 жылдың сәуіріне құрылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:
1) iShares 20+ Year Treasury Bond ETF ETF US4642874329 ("KASE Global" секторы, TLT_KZ);
2) Global X Robotics & Artificial Intelligence ETF US37954Y7159 (("KASE Global" секторы, BOTZ_KZ);
3) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" интервалдық инвестициялық пай қоры (ИИПҚ) KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары;
4) Starbucks Corporation US8552441094 (("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акциялары;
5) NIKE, Inc. US6541061031 (("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акциялары;
6) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" ИИПҚ KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) пайлары;
7) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы FFINgw) пайлары.
2025 жылдың сәуірінде құрылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізімінен мыналар шықты:
1) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары;
2) Newmont Corp. US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акциялары.
2025 жылдың мамырына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында жарияланды: толығырақ
2025 жылдың сәуіріне өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында жарияланды: толығырақ
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-04-28]