28 сәуірден бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00012995 (BTRKb19) облигациялары Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізілетін болады
/KACC, 24.04.25/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2025 жылдың 28 сәуірінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның (Астана) KZ2C00012995 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb19) облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2025-04-24]