Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 сәуірден бастап "Азия-Тынық мұхиты Банкі" АҚ "валюта", "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE шетелдік мүшелігіне қабылданды
/KASE, 21.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 11 сәуіріндегі шешімімен "Азия- Тынық мұхиты Банкі" АҚ "валюта", "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE шетелдік мүшелігіне қабылданды. KASE Директорлар кеңесінің бұл шешімі 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Осы санаттар бойынша мүшелік шетел валюталарымен, KASE-де айналымға (саудалауға) жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.
[2025-04-21]