KZ
24 сәуір 2025, 02:31
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.04.2025 12:39 #Сауда-саттық ақпараты

/ҚАЙТАЛАУ/ 24 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ 1,2 млн KZ0007786572 (CCBN) жай акциясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

/KASE, 23.04.25, 22.04.25 ЖАҢАЛЫҒЫН ҚАЙТАЛАУ/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 24 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ0007786572 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) акцияларын төмендегі шарттарда (Астана қ. уақыты) кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

--------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                    жай акциялар                                         
ISIN:                                       KZ0007786572                                         
KASE сауда-саттық коды:                     CCBN                                                 
Акцияларды жалаы саны, дана:                                                                     
– жарияланған:                              1 211 140 611                                        
– айналымдағы:                              177 262 461                                          
------------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні:                          24.04.25                                             
Кері сатып алудың жарияланған көлемі, дана: 1 200 000                                            
Лот мөлшері, дана.:                         1                                                    
Сауда-саттық заты:                          акцияның бағасы                                      
Сатып алуға өтінім түрі:                    шектелімді                                           
Өтінім беру тәсілі:                         жабық                                                
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                10:00–12:00                                          
Өтінімдерді растау уақыты:                  10:00–12:00                                          
Кесімдеу уақыты:                            14:30 (Т+0)                                          
Төлем күні мен уақыты:                      24.04.25, 14:30                                      
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:                 бағалары кесімдеу бағасына тең                       
                                            немесе одан жоғары өтінімдер                         
                                            кесімделеді                                          
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді      бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша                     
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:                                                               
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне   қарсылама өтінімдерді қабылдау                       
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:         уақыты бойынша                                       
Бір акцияның кері сатып алу бағасы, теңге:  2 200                                                
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:       "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес 
                                            ұйымы – "BCC Invest" АҚ
---------------------------------------------------------------------------

Баға ретінде өтінімде теңгемен көрсетілген бір акцияның құны үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде акциялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі теңгемен көрсетілген акциялардың бағасы мен санының көбейтіндісіне үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен тең болуы тиіс.

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2025-04-23]