KZ
23 сәуір 2025, 13:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.04.2025 17:25 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Маңғыстау облысындағы "Болашақ" учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғаны туралы хабарлады

/KASE, 22.04.25/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Осымен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) "Қазақстан қор биржасы" АҚ бағалы қағаздарға рұқсат беру бастамашыларының ақпаратты ашу қағидаларының 1 қосымшасының 2 кестесінің 13 тармағына және Астана халықаралық биржасының ақпаратты ашу қағидаларының 1 кестесінің 4.3 тармағына сәйкес, 2025 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, ҚМГ ҰК және "Bolashak Operating" ЖШС арасында Маңғыстау облысында орналасқан "Болашақ" жер қойнауы учаскесінде кешенді жобаны жүзеге асыруға арналған көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың № 1 Қосымшасына (Бұдан әрі – № 1 Қосымша) қол қойылғаны туралы хабарлайды.

Аталған №1 Қосымшасы аясында "Болашақ" жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі келісімшарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді "Bolashak Operating" ЖШС-не беру туралы өзгерістер көзделген.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

Орыс тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

Ағылшын тіліндегі осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-04-22]