22 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 сәуірде болатын МЕУКАМ KZKD00001202 (MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 22.04.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың 24 сәуірде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00001202 (MUM096_0013) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 1 237 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 85,7063 % (кірістілік – жылдық 15,40 %) деңгейінде белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 24 сәуірде болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 4,8 жыл МЕУКАМ KZKD00001202 (MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-04-22]