KZ
2 шілде 2025, 03:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.04.2025 16:24 #Қаржы құралдары

KASE Листингілік комиссиясы "АКВЕЙ" ЖШС KZ2P00013733 (AKVEpp1) облигацияларын "жеке орналастыру "алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 21.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 21 сәуірінде "АКВЕЙ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013733 (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 26,00%; 30/360) облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларға AKVEpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-04-21]