"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013782 (MFTFb5) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE листинг процедурасынан өтті
/KASE, 21.04.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 21 сәуірінде "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013782 (1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 4 жыл және 1 ай; жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360)) облигациялардың негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару 2023 жылдың 11 сәуірінде 100,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде төртінші болып табылады.
"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы " Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға MFTFb5 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.
[2025-04-21]