"ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады
/KASE, 21.04.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
18 апреля 2025 года
"ҚазТрансОйл" АҚ жүйесі бойынша мұнайдың магистральдық құбырлармен тасымалдау айналымы 8 млрд 704 млн тонна-шақырымды құрады, бұл 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 13 млн тонна-шақырымға артық.
Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына магистральдық құбыр жүйесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 4 млн 424 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97 мың тоннаға артты. Атап айтқанда:
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС – 1 млн 394 мың тонна,
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 1 млн 496 мың тонна,
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС – 1 млн 534 мың тонна.
Атап айту керек, 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ бастамасымен мұнай тасымалдау қызметтері бойынша Типтік шартқа енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуге арналған тапсырыстарға басымдық беруге және ілеспе құжаттарды ресімдеу мерзімдерін қысқартуға бағытталған.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2025-04-21]