2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында KASE-де шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 9,8 трлн теңгені құрады
/KASE, 16.04.25/ – 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан қор биржасының (KASE) шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда- саттық көлемі 9 824,1 млрд теңгені құрады және 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,4 %-ға өсті.
2024 жылдың үш айлық (қазан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда- саттық көлемі 21,2 %-ға төмендеді.
Төменде 2025 жылғы KASE шетел валюталарының спот-нарығы көрсеткіштерінің кестесі валюта жұптары бойынша бөлінген (валюта жұптарында көрсетілген біріншісінің млн бірлігіне), сондай-ақ 2024 жылғы салыстырмалы деректер келтірілген.
---------------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
Жыл, -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- Барлығы,
ай USD/KZT EUR/KZT RUB/KZT EUR/USD CNY/KZT USD/CNY EUR/CNY млрд KZT
----------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ----------
2025, I 4 751,5 93,7 119 147,0 85,0 711,5 162,9 0,0 3 345,0
----------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ----------
2025, II 5 058,4 166,4 123 582,0 83,3 715,2 202,4 0,0 3 513,2
----------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ----------
2025, III 4 343,1 65,4 99 199,3 107,3 723,8 159,4 0,0 2 965,9
----------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ----------
Барлығы 14 153,1 325,5 341 928,3 275,6 2 150,5 524,7 0,0 9 824,1
----------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- ----------
2024, I-ІІІ 12 193,5 166,3 97 302,6 355,6 528,1 2 716,7 0,0 7 652,9
тренд, % +16,1 +95,8 +251,4 -22,5 +307,2 -80,7 х +28,4
---------------------------------------------------------------------------------
03.01.2025 және 31.03.2025 аралығындағы кезеңде барлық биржалық мәміле бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы бір АҚШ доллары үшін 509,13 теңгені құрады.
[2025-04-16]