Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE "Кселл" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді
/KASE, 16.04.25/ – 15 сәуірде Қазақстан қор биржасы (KASE) "Эмитент күні" жобасы аясында "Кселл" АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуін өткізді.
Кездесу "Кселл" АҚ 2024 жылдың төртінші тоқсаны мен он екі айындағы қаржылық нәтижелеріне арналды.
Іс-шараға "Кселл" АҚ Бас қаржы директоры, Басқарма мүшесі Сәбит Рахметов және "Кселл" АҚ Бас коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Қазбек Шайымов қатысты.
Эмитент өкілдері "Кселл" АҚ төртінші тоқсандағы және он екі айдағы қаржылық нәтижелері туралы айтып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
[2025-04-16]