KZ
RU
EN
23 қыркүйек 2026, 04:36
KZ
RU
EN
Кіру
15.04.2025 18:47 #Сауда-саттық ақпараты

15 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің 10 766 574 KZ0007786572 (CCBN) акциясын 23,7 млрд теңгеге кері сатып алды

/KASE, 15.04.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ0007786572 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) жай акцияларын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде ұсыныс параметрлері және арнайы мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

ҰСЫНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қатысушылар саны:                               1
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді),   1 / 1
тек шектелімді:
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:          23 686,5
Ұсынымға сұраным:                               0,9
Берілген өтінім бойынша бағасы, теңге:          2 200,00
----------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

КЕРІ САТЫП АЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

----------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,         10 766 574
акциялар:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, теңге:     23 686 462 800,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:              9
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 1
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,            0,9
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі бағасы, теңге: 2 200,00
----------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.

КЕРІ САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні:                              15.04.25
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана:        11 300 000
Лот мөлшері, дана.:                             1
Сауда-саттық заты:                              акцияның бағасы
Сатып алуға өтінім түрі:                        шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                             жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты:                      10:00–12:00
Кесімдеу уақыты:                                14:30 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                          15.04.25, 14:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:                     бағалары кесімдеу бағасына тең
                                                немесе одан жоғары өтінімдер
                                                кесімледі
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді          бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарай қарсылама өтінімдерді қабылдау
қанағаттандыру тәсілі:                          уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:           " Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес
                                                ұйымы – "BCC Invest" АҚ
--------------------------------------------------------------------------------

[2025-04-15]