KZ
23 сәуір 2025, 19:36
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.04.2025 15:15 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2025 ЖЫЛДЫҢ 06 МАМЫРЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 15.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылдың 15 сәуіріндегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2025 жылдың 06 мамырындан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі анықталғанын хабарлайды (бұдан әрі – тізім).

Көрсетілген шешімге сәйкес 2025 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

-------------------------------------------------------------------------------
                                                                               
      Код                                                 ---- --------- ------
# п/п акции     ISIN     Эмитент                           Fi*       Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ -------------------------------- ---- --------- ------
  1   AIRA  KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ                  41,4 1,0000000    6,7
  2   CCBN  KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ            40,4 1,0000000   11,1
  3   HSBK  KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 30,5 0,3235583   16,9
  4   KCEL  KZ1C00000876 "Кселл" АҚ                       34,1 1,0000000   13,4
  5   KEGC  KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ                        15,0 1,0000000    3,6
  6   KMGZ  KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ            2,5 1,0000000   13,5
  7   KSPI  KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz"                    31,0 0,0705912   13,0
  8   KZAP  KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ      25,0 0,1916049   14,6
  9   KZTK  KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ                19,1 1,0000000    5,3
 10   KZTO  KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ                 10,0 1,0000000    1,8
-------------------------------------------------------------------------------

* Fi, Ri, Үлесі параметрлері 2025 жылдың 01 ақпанындағы жағдай бойынша көрсетілген. Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2025 жылдың 06 мамырының басында Fi, Ri, Үлесі параметрлері 2025 жылдың 01 ақпанындағы акциялардың ағымдағы бағасына және еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.02.25 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 01.02.25 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Үлесі – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-04-15]