14 сәуірден бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 11.04.54/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 14 сәуірiнен н бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 21 сәуірiне және одан кейінгі күндерге келетін Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда- саттық уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 13 бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 21 сәуірiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де аталған акциялармен сауда-саттық 2025 жылдың 23 сәуірiнен қайта басталады.
[2025-04-11]