KZ
24 сәуір 2025, 20:48
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.04.2025 15:33 #Корпоративтік уақиғалар

"First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 15 мамырда өткізу туралы хабарлама

/KASE, 11.04.25/ – "First Heartland Jusan Bank" АҚ (KASE тикері – TSBN) 2025 жылдың 15 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

дәйексөздің басы

"Jusan Bank" АҚ "Jusan Bank" АҚ акционерлеріне 2025 жылғы "15" мамыр, Алматы қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, "Балқаш" конференц-залы.

Жоғарыда көрсетілген жиналыс "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақыртылып жатыр және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1 тармағы, 3 тармағы 3) тармақшасына, 43 бабының 1 тармағына және 53 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес өткізіледі.

Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібін "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырған және келесі мәселелерді қамтиды:

1. "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2. Тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебімен қоса "Jusan Bank" АҚ-тың 2024 жыл үшін жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы.

3. "Jusan Bank" АҚ-тың өткен қаржылық 2024 жыл үшін таза табысын бөлу тәртібін және "Jusan Bank" АҚ бір жай акциясына есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы.

4. "Jusan Bank" АҚ-тың Директорлар кеңесі және атқарушы органы мүшелерінің 2024 жыл үшін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпаратты қарастыру туралы.

5. 2024 жылдағы "Jusan Bank" АҚ және оның лауазымдық тұлғаларының ісәрекеттеріне қатысты акционерлердің мәлімдемелері және оларды қарастыру нәтижелері жөнінде ақпаратты қарау туралы.

6. "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.

7. Банктің Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы. ".

дәйексөздің соңы

Жиналыс туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат жарияланды – толығырақ

[2025-04-11]