KZ
29 маусым 2025, 10:23
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.04.2025 16:32 #Қаржы құралдары

11 сәуірден бастап KASE-де бес атаудағы ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 10.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 11 сәуірiнен бастап KASE-де репо операциялары бойынша келесі ETF бағалы қағаздары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлады, аталған бағалы қағаздар бойынша KASE орталық контрагент қызметін жүзеге асырады және олар бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келеді:

1. US4642872422 ("KASE Global" сектор, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;

2. US4642885135 ("KASE Global" сектор HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;

3. US4642895118 ("KASE Global" сектор", IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;

4. US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF.

5. US74347G4405 ("KASE Global" сектор BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF;

Сауда-саттық KASE-нің ішкі құжаты "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидасының" 13 бабының 12) тармағына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 01 мамырында аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 05 мамырынан басталады.

[2025-04-10]