KZ
24 сәуір 2025, 20:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.04.2025 15:47 #Қаржы құралдары

09 сәуірден бастап KASE-де "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 08.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылғы 09 сәуірден бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың KZ2C00012995 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb19; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 07.04.25 – 07.07.26; жартыжылдық купон, жылдық 17,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Көрсетілген облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде бағасын белгілеу дәлдігі номиналынан пайызбен есептелген облигацияның “таза” бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – Қазақстан теңгесі.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-04-08]