"Қазақстан даму банкі" АҚ АҚШ долларымен еурооблигация шығарылымын орналастырды
/KASE, 07.04.25/ – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (KASE тикері – BRKZ) төмендегіні хабарлады:
цитатаның басы
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) 500 млн АҚШ доллары көлемінде еурооблигациялар шығарылымын орналастырды.
Еурооблигациялардың жаңа шығарылымының параметрлері мынадай:
Көлемі – 500 млн АҚШ доллары, бағалы қағаздардың айналыс мерзімі – 5 жыл, купондық мөлшерлемесі – жылдық 5,625%, валютасы – АҚШ доллары. ҚДБ өтелгенге дейінгі кірістілігі жылдық 5,7% деңгейінде еурооблигацияларды орналастырып, ортамерзімді қарыз алу үшін өз тарихындағы ең төмен спредтердің бірі – АҚШ қазынашылық облигацияларына 159 базистік тармақты белгіледі.
Еурооблигациялар шығарылымы бойынша есеп айырысу 2025 жылғы 7 сәуірде жүргізілді.
Айта кетейік, өтінімдер кітабын қалыптастыру нәтижесі бойынша еурооблигациялар шығарылымы бойынша инвесторлардың сұранысы ұсыныс көлемінен 1,8 есе асып түсті. Еурооблигациялар инвесторлардың елеулі қызығушылығын тудырды, бұл Қазақстан Даму Банкі қағаздарының инвестициялық тартымдылығын көрсетеді.
ҚДБ еурооблигациясындағы инвесторлар бойынша географиялық қамтылған елдер: Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдері. Орналастыру қорытындысы бойынша еурооблигациялар 62 инвестор арасында бөлінді.
Цитатаның соңы
Баспасөз релизінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2025-04-07]