Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07 сәуірден бастап "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың XS3032932645, US48129VAD82 (BRKZe18) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-нің ресми тізіміне қосылды
/KASE, 07.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2025 жылғы 18 наурыздағы шешімімен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-тың (Астана) XS3032932645, US48129VAD82 халықаралық облигациялары ($500,0 млн. 07.04.25 - 07.04.30, жартыжылдық купон, купондық мөлшерлеме жылдық 5,625%; 30/360) негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне қосылды.
Листинг комиссиясының бұл шешімі 2025 жылғы 07 сәуірден бастап күшіне енеді.
Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады.
Облигацияларға берілген қысқаша белгі (сауда коды) BRKZe18.
Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша интернет- ресурста жарияланған.
[2025-04-07]