KZ
RU
EN
17 қыркүйек 2026, 17:07
KZ
RU
EN
Кіру
07.04.2025 18:00 #Сауда-саттық ақпараты

“Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ KASE-де 07 сәуірде жылдық 17,00%-бен KZ2C00012995 (BTRKb19) облигацияларын орналастырып, 100,0 млрд теңге тартты

/KASE, 07.04.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ (Астана) KZ2C00012995 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb19; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 07.04.25 – 07.07.26; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

----------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------- --------------
Қатысушы саны:                              8
Берілген өтінім саны                        22 / 16
(барлығы/белсенді), оның ішінде:
– шектелімді:                               22 / 16
– нарықтық:                                 0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:      115 916,0
– шектелімді:                               115 916,0
– нарықтық:                                 0,0
Сұранымның ұсынымға қатынасы:               115,9%
----------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 25,9% банктердің үлесіне, 0,9 % брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 69,3% өзге институционалдық инвесторлардың, 0,1% басқа заңды тұлғалардың үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

---------------------------------------------- -----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,        100 000 000
облигация саны:
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге: 100 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:          14
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар      7
саны:
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,        100,0
жоспардың %:
Қанағаттандырылған өтінімдер бойынша           17,0000
купон мөлшерлемесі, % жылдық:
----------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 15,0%-ын банктер, 1,0%-ын брокерлік- дилерлік ұйымдар, 79,5%-ын өзге институционалдық инвесторлар, 4,5%-ын басқа заңды тұлғалар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:         07.04.25
Орналастырудың жарияланған көлемі,    100 000 000 000
теңге:
Лот мөлшері, дана:                    1
Сауда-саттық  мәні:                   Купон мөлшерлемесі
Сатып алуға берілген өтінім түрі:     шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                   жабық
Өтінім қабылданатын уақыт:            10:00–12:00
Өтінім расталатын уақыт:              10:00–12:30
Кесім уақыты:                         13:00 (Т+0)
Төлем жасалатын күн және уақыт:       07.04.25, 13:00
Өтінімдерді кесу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең
                                      немесе одан жоғары өтінімдер
                                      алып тасталады
Өтінімдердің бағасына байланысты      бір баға бойынша бөліп жіктеу
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Берілген кезегіне байланысты          қарсылама өтінімдерді қабылдау
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру уақыты бойынша
тәсілі:
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: “First Heartland Jusan Invest” АҚ
                                      “Қазақстан Халық Банкінің еншілес
                                      ұйымы "Halyk Finance” АҚ
----------------------------------------------------------------------------

Бірлескен андеррайтер –“First Heartland Jusan Invest” АҚ “Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance” АҚ

[2025-04-07]