KZ
9 мамыр 2025, 23:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.04.2025 15:41 #Қаржы құралдары

08 сәуiрден бастап KASE-де Airbus NL0000235190 (AIR_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 07.04.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 08 сәуiрiнен бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 23 сәуіріне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Airbus (Нидерланд) NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 23 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2025 жылдың 25 сәуірінен бастап қайта басталады.

[2025-04-07]