KZ
24 сәуір 2025, 01:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.04.2025 11:06 #Қаржы құралдары

07 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында 2025 жылғы мамырда және 2026 жылғы наурызда орындалатын фьючерстермен сауда-саттық ашылады

/KASE, 07.04.25/ – 07 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында төмендегі жеткізілімсіз фьючерстермен сауда-саттық ашылады:

  • "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акцияларына, коды – HSBK-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акцияларына, коды – KZAP-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • KASE индексіне, коды – KX-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • АҚШ долларының теңгеге бағамы, коды – US-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • Ресей рублінің теңгеге бағамына, коды – RU-5.25, айналыстағы соңғы күн – 2025 жылғы 15 мамыр;
  • Ресей рублінің теңгеге бағамына, коды – RU-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • SPDR S&P 500 ETF TRUST, коды – US_SPY_-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • SPDR Gold Shares ETF, коды – US_GLD_-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • Nasdaq-100 Index ETF, коды – QQQ_KZ-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз;
  • SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, коды – US_BIL_-3.26, айналыстағы соңғы күн – 2026 жылғы 19 наурыз.

KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де жұмыс күндері Астана қаласы уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Астана қаласы уақытымен 20:30- дан 21:00-ге дейін жүргізілетінін еске салады.

Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа тізімі KASE интернет-ресурсында толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады.

KASE-дегі фьючерстермен сауда-саттық нәтижелері мына сілтеме бойынша жарияланады: толығырақ

KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар толығырақ сілтемесі бойынша жарияланды ("Сауда-саттық" – "Деривативтер"қойындысы).

[2025-04-07]