KZ
RU
EN
24 қыркүйек 2026, 20:03
KZ
RU
EN
Кіру
28.03.2025 18:55 #Сауда-саттық ақпараты

“R-Finance" микроқаржы ұйымы” ЖШС KASE-де 28 наурызда жылдық 21,00%-бен KZ2P00013063 (MFRFb16) облигацияларын орналастырып, 2,1 млрд теңге тартты

/KASE, 28.03.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) “R-Finance" микроқаржы ұйымы” ЖШС (Астана) KZ2P00013063 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb16; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.03.25 – 28.03.28; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраным параметрлері мен мамандандырылған сауда-саттық нәтижесі көрсетілген.

----------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------- --------------
Қатысушы саны:                              4
Қатысушылар шоттарының саны:                536
Берілген өтінім саны                        669 / 635
(барлығы/белсенді), оның ішінде:
– шектелімді:                               669 / 635
– нарықтық:                                 0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:      2 059,2
– шектелімді:                               2 059,2
– нарықтық:                                 0,0
Сұранымның ұсынымға қатынасы:               137,3%
----------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 75,3% брокерлік-дилерлік
ұйымдардың үлесіне, 12,1% өзге институттық инвесторлардың, 12,6% жеке
адамдардың үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

------------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 2 056 006
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:          2 056 006 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                   518
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:         4
Қатысушылар шоттарының саны:                            427
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, жоспардың %:    137,1
Қанағаттандырылған өтінімдер бойынша                    21,0000
купон мөлшерлемесі, % жылдық:
-----------------------------------------------------------------------

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 75,4% брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне, 12,2% өзге институттық инвесторлардың, 12,4% жеке адамдардың үлесіне тиеді.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес сауда-саттық нәтижесі бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте осы орналастыру бойынша мәмілелер толық орындалды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:             28.03.25
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 1 500 000 000
Лот мөлшері, дана:                        1
Сауда-саттық  мәні:                       Купон мөлшерлемесі
Сатып алуға берілген өтінім түрі:         шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                       жабық
Өтінім қабылданатын уақыт:                10:00–12:00
Өтінім расталатын уақыт:                  10:00–12:30
Кесім уақыты:                             13:00 (Т+0)
Төлем жасалатын күн және уақыт:           26.03.25, 13:00
Өтінімдерді кесу әдісі:                   бағалары кесімдеу бағасына тең
                                          немесе одан жоғары өтінімдер
                                          алып тасталады
Өтінімдердің бағасына байланысты          бір баға бойынша бөліп жіктеу;
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Берілген кезегіне байланысты              қарсылама өтінімдерді қабылдау
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру     уақыты бойынша
тәсілі:
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     "First Heartland Jusan Invest” АҚ
---------------------------------------------------------------------------

[2025-03-28]