KZ
29 сәуір 2025, 22:07
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.03.2025 17:24 #Қаржы құралдары

/ӨЗГЕРТТІ/ KASE ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ, ҮШІНШІ САНАТЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРІНДЕГІ ТІЗІМІН ЖАСАДЫ

/KASE, 28.03.25, бағалы қағаздар тізімдері туралы мәліметтер өзгертілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE-нің "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес 2025 жылғы сәуірге инвестициялық қорлардың KASE-дегі айналымға шығаруға рұқсат берілген өтімділіктің бірінші, екінші, үшінші санатындағы акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімі) жасады.

Бағалы қағаздар тізімдері Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылғы 26 наурыздағы шешімімен бекітілген және тізімдегі бағалы қағаздарға KASE-нің ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылған.

2025 жылғы 01-30 сәуір аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші санатындағы бағалы қағаздар тізіміне 65 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2025 жылғы наурызда қалыптастырылған өтімділіктің бірінші санатындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге төмендегілер енгзілген:

1) "First Heartland Jusan Invest” АҚ басқаруындағы "allGA” ИПИҚ-тың KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары” секторы, FHJIag) пайлары;

2) Citigroup Inc. компаниясының US1729674242 ("KASE Global” секторы, C_KZ) жай акциялары;

3) "First Heartland Jusan Invest” АҚ басқаруындағы "doSTAR” ИПИҚ-тың KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары” секторы, FHJIds) пайлары;

2025 жылғы наурызда қалыптастырылған өтімділіктің бірінші санатындағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімінен шыққандар:

1) Johnson & Johnson Inc. компаниясының US4781601046 ("KASE Global” секторы, JNJ_KZ) жай акциялары;

2) NIKE, Inc. компаниясының US6541061031 ("KASE Global” секторы, NKE_KZ) жай акциялары;

3) "First Heartland Jusan Invest” АҚ басқаруындағы "allEM” ИПИҚ-тың KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары” секторы, FHJIpc) пайлары;

4) ALPHABET INC. компаниясының US02079K1079 ("KASE Global” секторы, GOOG_KZ) жай акциялары;

5) Occidental Petroleum Corp. Inc. компаниясының US6745991058 ("KASE Global” секторы, OXY_KZ) жай акциялары;

6) Starbucks Corporation Inc. компаниясының US8552441094 ("KASE Global” секторы, SBUX_KZ) жай акциялары;

7) Global X Robotics & Artificial Intelligence компаниясының ETF US37954Y7159 ("KASE Global” сектор ы, BOTZ_KZ).

Өтімділіктің бірінші, екінші, үшінші санатындағы бағалы қағаздардың 2025 жылдың сәуіріндегі тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Өтімділіктің бірінші, екінші, үшінші санатындағы бағалы қағаздардың 2025 жылдың наурызындағы тізімі толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін айқындау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ

[2025-03-28]